Павлодар тұрғыны өзен жағасынан 6 мыңнан астам патрон тапқан

449

Павлодар қаласының тұрғыны полицияға 5,6 мм калибрлі 6,1 мыңнан астам патрон тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

Павлодар тұрғыны өзен жағасынан 6 мыңнан астам патрон тапқан Фото: google

Ер адам патронды Кенжекөл ауылының маңайындағы Ертіс өзенінің бойында ағаш жәшіктен тапқанын түсіндірді.

"Тұрғын БАҚ-тан мемлекет халықтан қаруды өтеулі негізде қабылдайтынын біліп, патрондарды полицияға өз еркімен тапсыруға шешім қабылдады. Төлемнің болжамды сомасы 184 мың теңгені құрайды", - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 10 сәуірден бастап облыста тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы өтіп жатыр. Оның аясында құжаттарсыз және тіркеусіз сақталған қаруды тапсыру арқылы өтемақы алуға болады. Полиция бөліміне ерікті түрде қару тапсыратындарға 100 АЕК-ке дейін сыйақы беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу