Павлодар тұрғыны пәтерінде қарасора өсірген

450

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Павлодар тұрғыны пәтерінде қарасора өсірген Фото: polisia.kz

Полицейлер өз пәтерінде тыйым салынған заттары бар жасырын орынды жабдықтаған Павлодар тұрғынын ұстады. Тінту кезінде полицейлер 45 жастағы қала тұрғынынан арнайы шкафты тапты, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұсталған адам оны жылыжай етіп, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтаған. Арнайы жарықтандыру, желдеткіш, суару жүйесі, климаттық бақылау және фотосинтез шамдары.

– Тұрғылықты жері бойынша ер адамның пәтерінен 6 қарасора бұтасы мен 148 грамм кептірілген марихуана тәркіленді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 300-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу