Павлодар тұрғыны шаңғы тебемін деп мұз астына түсіп кетті

116

Ер адам судан өздігінен шыға алды. 

Павлодар тұрғыны шаңғы тебемін деп мұз астына түсіп кетті Фото: OutdoorLab

17 қарашада Павлодарда Ертіс өзенінде 1960 жылы туған ер адам өзен вокзалы ауданында шаңғы тебу кезінде мұз астына құлап кетті, деп inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағының, сондай-ақ 102 және 103 қызметтерінің қызметкерлері жедел жетті.

Жергілікті жерде медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызу қажет болмады.

Ер адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 12 922 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу