Павлодар тұрғыны танысын өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылды

950

Сот 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Павлодар тұрғыны танысын өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылды Фото: Kazaknews.kz

2 қаңтар күні Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне павлодарлық ерікті түрде келді. Ер адам 2022 жылдың қыркүйек айының ортасында өзінің 59 жастағы танысын өлтіргенін хабарлады. Ер адам сол күні тұрғылықты жеріндегі үйде алкогольдік ішімдіктер ішу барысында танысы екеуінің арасындағы жанжал кезінде оны тұншықтырып өлтіргенін айтты. Мәйіт өзі тұрған үйдің ауласына көмілген, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті. 

Бұл факт тіркелді, тергеушілер Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қажетті тергеу шараларын өткізгеннен кейін қылмыстық іс қылмыстық істер бойынша сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу