Павлодар тұрғыны "жындардан қорғағаны" үшін 120 млн теңге алған

365

"Емші" алаяқтық әрекеті үшін бес жылға сотталды.

Павлодар тұрғыны "жындардан қорғағаны" үшін 120 млн теңге алған Фото: Ашық дереккөзден

Абай облыстық әйелдер колониясына "жындардан қорғағаны" үшін 120 млн теңге табыс тапқан Павлодар қаласының тұрғыны жазасын өтеуге қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Абай облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар тұрғыны жерлесін 120 млн теңгеге алдап соққан. Ол өзінің "дәстүрлі емес емдеу қасиетіне және тылсым күшке ие екеніне" сендіріп, барлық отбасы мүшелерін "жындардан қорғау" керегін айтқан.

Сөйтіп, 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың тамызы аралығында кәсіпкер әйел "емшіге" "жындардан қорғану" үшін ақша беріп отырған. Ақшалай қаражаттың жалпы сомасы – 120 млн теңге.

Павлодар қалалық соты ҚР ҚК 190-бабы бойынша алаяқты кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Ол орташа қауіпсіздіктегі колонияда жазасын өтейді.

"Колонияға келген соң сотталушыға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Күн сайын тәрбиелік және психологиялық әңгімелер өткізіледі. Ол жасаған ісіне өкініп, өз іс-әрекеттері үшін кешірім сұрайды. Абай облысындағы әйелдер колониясында отырған әйелдердің 50%-ы ҚР ҚК 190-бабы бойынша (алаяқтық) жазасын өтеп жатыр", - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу