Павлодар-Түркістан бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

930

Солтүстік пен оңтүстіктің арасын "Scat" жалғайды.

Павлодар-Түркістан бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

21 шілдеде елімізде жаңа әуе рейсі іске қосылды. Бұдан былай Павлодар мен Түркістанның арасында да ұшақ қатынайды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жолаушыларға "Scat" компаниясы қызмет көрсетеді. Екі өңірді қосатын тікелей әуе қатынасы әр сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері жасалмақ. Яғни, екі облыстың тұрғындары аптасына үш рет жолға шыға алады. Ұшу уақыты 1 сағат 40 минутты құрайды.

Бұл бағыттағы билеттің нақты бағасы бекітілді. Бір адамның жолақысы - 25 мың теңге. Билеттерді Павлодар әуе кассаларында немесе онлайн қызметтер арқылы сатып алуға болады.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу