Павлодар-Түркістан пойызының жолсеріктері жүкті әйелді босандырып алды

243

Қыз бала 10 сәуірде сағат 16:30-да дүниеге келді.

Павлодар-Түркістан пойызының жолсеріктері жүкті әйелді босандырып алды Фото: ҚТЖ

"Павлодар-Түркістан" бағытындағы жолаушылар пойызының екі жолсерігі толғағы қысқан жолаушы әйелді аман-есен босандырып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айы-күні жеткен Зейнеп Әбдікәрімова №46 пойызға мініп, анасымен бірге Павлодардан Түркістанға жолға шыққан. Алайда, жолда толғата бастаған. Вагонның екі жолсерігі Анар Амандықова мен Назерке Талғарбаева әйелді аман-есен босандырып, қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыз бала 10 сәуірде сағат 16:30-да дүниеге келді.

"Пойыз бригадасы жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырған. Сары-Шаған станциясына жеткенде, жас ана мен қыз баланы жедел жәрдем қызметкерлері қабылдап алды. Жаңа туған нәрестенің есімін Мереке деп атаған", - деп хабарлайды "Қазақстан Темір Жолы" компаниясының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу