Павлодар түрмесінде сәлемдемелер арасынан шай арасына жасырылған телефон табылды

283

Аталған дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Павлодар түрмесінде сәлемдемелер арасынан шай арасына жасырылған телефон табылды Фото: Бейнежазбадан

№46 мекеме қызметкерлері 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Түзеу мекемесіне әкелінген сәлемдемені тексеру барысында шай өнімдерінің арасына жасырылған қара түсті батырмалы ұялы телефон табылды. Телефон жұмыс істеп тұрған, SIM-картасы болмаған, – деп хабарлады өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

Аталған дерек бойынша сәлемдемені әкелген әйел адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 481-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Әкімшілік материал сотқа жолдануға дайындалып жатыр.

Мамандар түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізуге әрекет жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу