Павлодар түсті металлургия колледжіне "KazWeld" сертификаты берілді

1640

Павлодар түсті металлургия колледжіне "KazWeld" сертификаты берілді

Павлодар түсті металлургия колледжіне "KazWeld" қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығының сертификаты берілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша, "KazWeld" қауымдастығы Қазақстанда бір ғана тәуелсіз сертификаттау орталығы болып табылады және дәнекерлеуші біліктілігін дәлелдеудің тәуелсіз бағасын халықаралық стандарттар бойынша өткізеді.

Қауымдастықпен өзара қарым-қатынас халықаралық стандарттарға сәйкес дәнекерлеу өндірісі мамандарының сапасын көтеру және жақсарту, халықаралық білім беру стандарттарын енгізу, оқу орталықтарын авторландыру, кәсіби білім беру жүйесін дамыту және жаңарту мүмкіндігіне жол береді. Нәтижесінде колледж түлектері халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бола алады.

Павлодар түсті металлургия колледжі - ТжКБ жүйесінің металлургиялық өндірісі үшін жоғарғы білікті жұмыс мамандарын даярлау саласында бұрыннан келе жатқан оқу мекемелерінің бірі.  45 жыл тарихы бар колледж республиканың кәсіби білім беру  және экономика жүйесінің дамуымен байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу