"Павлодар-Водоканал" тұтынушыларға 5 млн теңгеге жуық ақша қайтарады

590

ЖШС 240 000 теңге көлемінде айыппұл төледі. 

"Павлодар-Водоканал" тұтынушыларға 5 млн теңгеге жуық ақша қайтарады

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті "Павлодар-Водоканал" ЖШС-ның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтардың орын алғанын анықтаған.

Атап айтқанда, "Табиғи монополиялар туралы" Заңның 24-бабының 10-тармағының 3-тармақшасының және 26-бабының 2-тармағының 8-тармақшасының талаптары дұрыс сақталмаған.

"Субъектіге қатысты табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген, табыс алуға әкеп соққан шектеулерді сақтамағаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 164-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 810, 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қысқартылған тәртіппен қаралды. Субъект 240 000 теңге көлемінде айыппұл төледі. Бұдан басқа, субъектінің атына жалпы сомасы 4 800 000 теңге ақшалай қаражатты тұтынушыларға қайтару жолымен табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды", – деп жазылған комитеттің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу