Павлодар вокзалында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

1035

Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін компания қызметкерлері медициналық маска киіп жүреді.  

Павлодар вокзалында коронавирусқа қарсы оқу-жаттығу өтті

 "Қазақстан теміржолы" компаниясы Павлодар вокзалындағы коронавирус туралы тараған дақпыртты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Павлодар вокзалындағы коронавирус симптомы бар жолаушы" деген жазумен әлеуметтік желіге тарап кеткен ақпарат профилактикалық оқу-жаттығудың бір бөлігі. Оны Павлодар облысының әкімдігі жүргізген. Жалпы Павлодардағы вокзал қалалық мәслихаттың қарауында –  "Павлодарвокзалсервис" ЖШС басқаруында", –  делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта "ҚТЖ" компаниясы қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сырқаттың белгілері туралы ақпарат тұрақты түрде Қазақстан қалаларының вокзалында орналасқан Led-экрандардан көрсетіліп тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу