Павлодар және Маңғыстау облысында кәсіпкерлерге залал келтіру дерегі расталмады

1012

Кәсіпкерлер зардап шеккен бизнес тізілімінен шықты.

Павлодар және Маңғыстау облысында  кәсіпкерлерге залал келтіру дерегі расталмады

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген залал туралы деректерді зерделеп, фактілердің растығын тексеруді бастады, деп жазды inbusiness.kz. 

2022 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің 9 өңірінде 2065 объектіде орналасқан 1763 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, оның ішінде Алматыда 1904 объектіде орналасқан 1618 субъект бар.

“Бұған дейін зардап шеккен өңірлер арасында Павлодар және Маңғыстау облыстарының объектілері болған. Алайда бұл фактілер расталмады және кәсіпкерлер зардап шеккен бизнестің тізілімінен шықты.
Келтірілген зиянның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес, ел бойынша 94,4 млрд теңгеден асты, оның ішінде Алматыда 92,4 млрд теңге”, – деп жазылған хабарламада. 

Зардап шеккен бизнес субъектілерінің салалары: сауда – 1602; қоғамдық тамақтандыру – 52; қаржы секторы – 77; логистика – 27; БАҚ – 5.

Байланыс орталығына барлығы 7053 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 2198, форс-мажор – 370, блокбекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 23, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 589, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 2179. 

Өңірлік палаталарға форс-мажор туралы куәліктер бойынша 591 қоңырау және 152 өтініш түсті.

Еске сала кетсек, зардап шеккен кәсіпкерлерге Алматы кәсіпкерлерінің бастамасымен құрылған "Күшіміз бірлікте" қорынан көмек көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу