Павлодарда 1 адам коронавирустан жазылып шықты

711

Науқаспен байланыста болғандар босатылды.

Павлодарда 1 адам коронавирустан жазылып шықты

Павлодар облысында 1988 жылғы науқас коронавирусты жеңіп шықты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмаилов осындай жағымды жаңалықпен бөлісті.

"Кеше Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы адам ауруханадан емделіп шықты. 1988 жылғы Ақсу қаласының тұрғыны емдеу курсынан өтіп, жазылғаннан кейін тұрақты мекенжайы бойынша үй карантиніне жіберілді. Онымен байланыста болды деп есепке алынған 154 адамның бәрі бақылаудан босатылды", – деді ол тікелей эфир арқылы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу