Павлодарда Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған веложүріске 1000-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Шара сағат 9:00-де Естай атындағы қалалық мәдениет сарайынан басталды. Велосипедшілерден басқа, бес байкер және бес спорттық автокөлік қатысты. Олар еліміздің ұлттық туын алып жүрді.
Қатысушылар Астана - Шөкин – Тәуелсіздік көшелерінен жүріп өтіп, Ладожский көшесіне дейін және қайта артқа 20 қашықтықты өтті.
"Бүгінгі акцияға "Қазақстан Алюминийі" АҚ және "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар мен мекеме-ұйымдардың жұмысшылары, сондай-ақ әуесқой велоспортшылар да келді, - дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Айбек Ақылжанов. - Алғаш рет байкерлер жұмылдырылды. Оларға біздің бөлім ұсыныс жасаған болатын. Бұдан басқа, кәсіби велошабандоздар мен № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі велоспорт бөлімшесінің тәрбиеленушілері де атсалысты".
Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараға арнайы әкелінген 50 шақты велосипед акцияға қатысуға ниет білдірген қала тұрғындары мен қонақтарына 500 теңгеден жалға ұсынылды. Енді бірі өздерінің велосипедтерімен келген.