Бала бүгін таңертең үйінен шығып кетіп, оралмаған.
Vita еріктілерінің айтуынша, Евгений Куликов 21 тамыз күні шамамен сағат 09:30-да екінші Павлодарда Мойылды көшесінде орналасқан үйінен шығып кеткен.
"Оның қай жаққа қарай кеткені белгісіз. Сол күйі үйге оралмады. Бойы – 140 см, көздері қоңыр, шашы ақшыл, дене бітімі жұқаша келген. Сары толстовка, қара қысқа шалбар, қара аяқ киім киген", – дейді еріктілер.
Еріктілер баланы көрген жандар немесе қайда жүргені туралы бір ақпарат болса, 8 747 615 55 63 (Катерина), 8 777 334 82 01 (Светлана) нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу