Павлодарда 12 жасар қыз ана атанды

1576

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 

Павлодарда 12 жасар қыз ана атанды Фото: freepik

Павлодарда 12 жасар оқушы қыз ана атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шарбақты аудандық білім бөлімінің хабарлауынша, қыздың жасы 12-де. Тамыз айында 13 жасқа толуы тиіс. Оқушы қыздың жүкті екенін мұғалімдері де байқаған.

– Мұғалімдері демалыстан шыққан соң байқаған. Қыз бен оның анасы дереу ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады білім басқармасы.

Басқарма ауыл мектебі директорының қызметінен босатылғанын хабарлады. Аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды.

Мектеп оқушысы осы демалыс күндері қыз баланы дүниеге әкелді.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Жағдайға балалар омбудсмені араласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу