Павлодарда 13 көшенің атауын өзгерту дауысқа салынды

1175

Тиісті құжаттар республикалық ономастикалық комисияның қарауына жіберіледі.

Павлодарда 13 көшенің атауын өзгерту дауысқа салынды

Павлодар қаласындағы көшелерге Едіге би, Бұқар жырау, Шәкәрім Құдайбердиев, Мәшһүр Жүсіп, Жүсіпбек Аймауытов, Әлихан Бөкейхан, Ермахан Бекмаханов, Сағадат Нұрмағамбетов есімдері берілмек, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Колос" орталығында Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау мәселесі бойынша көшпелі тыңдау өтті. Тыңдауға қоғамдық кеңес мүшелері, құрметті азаматтар, ардагерлер, қала тұрғындары, қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы орган және БАҚ өкілдері шақырылған. Тыңдау барысында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева көше атауларын өзгерту бойынша түскен ұсыныстарды атап өтті. Оның айтуынша, С.Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдары мен профессорларынан Димитров көшесін – Жүсіпбек Аймауытов, 1 Май – Мәшһүр Жүсіп, Карл Маркс – Әлихан Бөкейхан, Киров – Ермахан Бекмаханов, Короленко – Бұқар жырау, Ж.Аймауытов – Ақжол, М.Ж.Көпеев – Ақбеттау, Бестужев – Шәкәрім Құдайбердиев атауларына ауыстыру туралы ұсыныс түскен. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры Арман Қанидан Володарский көшесін – Желтоқсан, Большая Обьездная – Жібек жолы деп атау, қалалық зиялы қауым өкілдерінен, "Jebe" қоғамдық бірлестігінің төрағасынан және Павлодар қаласының Құрметті азаматы Шолпан Байғалыдан Крупская көшесін – Едіге би, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы қордың директорынан Чкалов көшесін – Сағадат Нұрмағамбетов атына беру, облыстық ардагерлер кеңесінен Пахомов көшесін – Қабдеш Нұркин атымен атау туралы ұсыныс түскен.

Тыңдау нәтижелерін ескере келе, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 8 депутаты бірауыздан шешімді қолдап, дауыс берді.

Айта кетейік, енді Қазақстан заңнамасымен орнатылған мерзімде тиісті құжаттар республикалық ономастикалық комисияның қарауына жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу