Павлодарда 13 жобаға 87 миллиондай теңге қайтарымсыз беріледі

726

Павлодарда 13 жобаға 87 миллиондай теңге қайтарымсыз беріледі

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында өткен инвестициялық субсидия жөніндегі комиссияның отырысында субсидияға ұсынылған 15 жобаның екеуі кері қайтарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Биылғы субсидиядан қағылғандардың бірі - Май ауданындағы "Майские продукты" өндірістік кооперативі болса, екіншісі – Успен ауданындағы "Егінбай" фермерлік қожалығы. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаевтың айтуынша, олардың құжаттары субсидия талаптарына сай болмағандықтан, комиссия мүшелері бірауыздан кейін қайтарған.

"Құжаттары барлық талапқа сай келген жобаларға ақшаларын ертеңнен бастап аударамыз. Субсидия сұрағандардың барлығы өздеріне қажетті ауыл шаруашылығы техникаларын және сүт сақтайтын ыдыстарын сатып алғандар. Енді соған жұмсалған шығынның жарты бағасын мемлекет төлейді. Бүгін қаралған 13 жобаға 87 миллиондай теңге қайтарымсыз беріледі", - дейді Ораз Дүзденбаев.

Инвестициялық субсидияға қабылданғандардың қатарында Успен, Ақтоғай, Железин, Качир, Шарбақты, Ертіс және Павлодар аудандарына қарасты ауыл шаруашылығы кооперативтері мен фермерлік және шаруа қожалықтары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу