Павлодарда 14 жастағы бала төбелестен кейін ауруханаға түсті

476

Учаскелік полиция пунктінен 200 м қашықтықта Чокин көшесінде жаппай төбелес болды.

Павлодарда 14 жастағы бала төбелестен кейін ауруханаға түсті Фото: elements.envato.com

Павлодарда полиция пунктінің маңында соққыға жығылған 14 жастағы оқушы  ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Pavlodarnews.kz хабарлауынша, 103 қызметіне қоңырау 24 шілде күні кешке түскен. 

"Ол жабық ми жарақатын алған, денесінің біраз жері көгерген, екі қабырғасы ішінен сынған. Жалпы жағдайы орташа деп бағаланады", — деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, төбелеске қатысушылардың барлығы анықталды. Істі ҚР ҚК 107-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы "алдын ала сөз байласу бойынша топтың денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіруі" бойынша тексереді.

Қатысушыларға 2 мың АЕК-ке — 6,9 млн теңгеге дейін айыппұл, 800 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, 3 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу