Павлодарда 144 пәтер пайдалануға берілді

634

Облыс әкімі Болат Бақауов жаңа қоныс иелерін мерекемен құттықтап, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына пәтер кілттерін табыс етті.

Павлодарда 144 пәтер пайдалануға берілді

Елордасы мерекесі қарсаңында Генерал Дүйсенов көшесі, 138/1 мекенжайы бойынша орналасқан 144 пәтерден тұратын тоғыз қабатты екі үйдің тұсауы кесілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Үйлердің бірінде 36 екі және үш бөлмелі пәтер болса, екіншісінде 10 бір бөлмелі, 27 екі бөлмелі және 35 үш бөлмелі пәтер бар. Бір шаршы метрі 165 мың теңгені құрайды.

Облыс әкімі Болат Бақауов жаңа қоныс иелерін мерекемен құттықтап, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына пәтер кілттерін табыс етті.

"Баспана кредиттік тұрғын үйді жүзеге асыру бойынша "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ мен "Павлодар" ұлттық компаниясы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арасындағы бірлескен келісім аясында ұсынылып отыр. Бүгін облыс орталығындағы үйдің кілттерін аласыздар. Саябақта бір мезетте 1000 адам келе алатын үлкен аквапарк салынуда. Спорт мектебінің аумағы абаттандырылады, автотұрақ кеңейтіледі.  Әр отбасына береке-байлық пен бақытты өмір тілеймін!",­­ – деді әкім.

Аталған үйдің 20 пәтері Павлодар мұнай-химия зауытының қызметкерлеріне, қалған үш бөлмелі пәтерлер "Өз үйім" жобасы бойынша "ТЖҚБ" АҚ арқылы берілді.

Өз кезегінде ПМХЗ әлеуметтік жауапкершілік аясында өз жұмыскерлеріне тұрғын үй сертификаттарын табыс етеді.

Айта кетерлігі, облыста жыл басынан бері "ТҚЖБ" АҚ-ның 1355 салымшысы өз баспанасына қол жеткізген. Сондай-ақ, 7000 тұрғын биылғы жылы есепшот ашып, алдағы уақытта қоныс тойын атап өтпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу