Павлодарда 15 жастағы қызбен қатынасы үшін сотталған жігіттің мәйіті табылды

200

Ол биыл сәуір айында сот залында қамауға алынған.

Павлодарда 15 жастағы қызбен қатынасы үшін сотталған жігіттің мәйіті табылды Фото: gomeltv.by

Павлодар облысындағы түзеу мекемелерінің бірінде сотталған 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, аталған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазір істің мән-жайы анықталып, тергеу барысы бақылауға алынған. Сонымен қатар түзеу мекемесіндегі бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр.

Департаменттің алдын ала мәліметінше, кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс үшін жазасын өтеп жатқан сотталған азамат асылып, өзіне қол жұмсаған.

Еске салайық, 19 жастағы жігіт биыл сәуірде 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін кінәлі деп танылып, Павлодардағы түзеу мекемесіне қамалған. Тергеу деректеріне сәйкес, жігіт пен 15 жастағы қыз бірнеше рет өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түскен. Бұл туралы қыздың анасы біліп, полицияға арыз түсірген. Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу