Полицияның мәліметінше, жылқылар иелерінің қарауынсыз жайылып жүрген жерінен қолды болған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілердің ізіне түскен тәртіп сақшылары олардың бірін уақытша ұстау изоляторына қамады.
"Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", – деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.
Осыған байланысты полиция мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмауды, жайылымдарды тұрақты бақылауды және жануарларды сәйкестендіру құралдарын пайдалануды ескертеді. Сондай-ақ мал қораларына бейнебақылау камераларын орнату ұсынылады.