Тұңғыш Президент күніне орай облыстық полиция департаментіде 150-ден астам полиция қызметкері марапатталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Тәртіп сақшыларын мерекемен құттықтаған департамент бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров полицейлерге адал қызметтері үшін алғыс білдірді.
"Облыстық полиция департаменті бастығының бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мерекелеуге байланысты жүзге жуық полицей түрлі марапат иелері атанды", - дейді өңірлік полиция департаментінде.
Олардың 26-сы "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгісіне ие болса, 40 қызметкерке полиция департаментінің алғыс хаттары, 25 ардагерге "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгісі табыс етілді.