Павлодарда 17 жастағы жаяу жүргінші соққыға жығылды

754

Бүгінгі таңда кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді.

Павлодарда 17 жастағы жаяу жүргінші соққыға жығылды Фото: inbusiness.kz

Павлодарда көлік жүргізушісі мен жолаушылар 17 жасар жасөспірімді ұрып-соқты, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтана сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 4 қыркүйек күні сағат 18.30-да колледж студенті тротуармен келе жатқан. Белгісіз көлік өтіп бара жатып, оған су шашып жібереді. 

"Жасөспірім дөрекі жауап беріп, мұны естіген көлік жүргізушісі тоқтады. Сөзге келген кезде жүргізуші мен оның жолаушылары кәмелетке толмаған баланы ұрып-соққан. Бүгінгі таңда жүргізуші анықталып, оның 27 жастағы павлодарлық екені белгілі болды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Оқиғаның басқа да мән-жайы, қалған қатысушылар анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабының 2-бөлігімен тергеу жұмыстары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу