Павлодарда 18 ата-ана түрмеге қамалды

574

Павлодарда жыл басынан бері 415 млн теңге сомасына алимент қарызы өтелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Павлодарда 18 ата-ана түрмеге қамалды Фото: canva.com

Павлодар облысында прокурорлар мүдделі органдармен бірлесіп, немқұрайлы ата-аналардан балаларды асырауға алимент қарызын тұрақты негізде өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды, соның нәтижесінде 68 борышкер жұмысқа орналасты, 240 борышкерге жұмыспен қамту органдарына есепке қою туралы хабарлама берілді.

Алимент төлемейтіндердің 33-інде жүргізуші куәлігі тоқтатылды.

Қасақана борышкерлерге тиесілі көлік құралдарын табу және ұстау бойынша бірлескен рейд барысында борышкерлердің 6 көлігі айып тұрағына қамалды, ол бойынша 5 млн теңгеге борышы өтелді.

10 млн теңге сомасына 5 жылжымайтын мүлік өндіріп алушыларға қарызды өтеу есебіне берілді.

Алимент төлеу міндетін орындамағаны үшін 180 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 2 жылға дейінгі мерзімге шектеу не бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде 58 ұсыныс жіберілді.

18 борышкер сотталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу