Павлодарда 180 аулаға асфальт төселеді

760

Павлодарда 180 аулаға асфальт төселеді

Павлодарда коммуналдық қызмет 180 аулаға асфальт төсеп, жиектастар орнатады. Сонымен қатар, жол кедергілерін қойып, көлік тұрақтарын кеңейтпек, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аулаларды көріктендіруге осыған дейін 64 кварталішілік аумақтарды ретке келтірген "Бонус строй" ЖШС мердігер ұйымы жауапты болады.

"Автотұрақтардың орыны тұрғындармен және ПИК өкілдерінің келісімімен бекітіледі, - деді мердігер ұйым басшысының орынбасары Сергей Шагаров. – Олардың ұсыныстарын тыңдап, ауланың жоспарын құрастырамыз. Біз жасалған ескертулерді уақытылы түзетіп отырамыз".

Оған қоса, орын алған олқылықтарды 10-мамырдан бері жөндеу жүргізілген аулалардың жұмысына сараптама жасап отырған мәслихат депутаттары ескертіп отырады.

"Төселген асфальттың сапасын, тұрақтардың нормаға сай болуын тексереміз, - дейді қалалық мәслихаттың депутаты Тілеубек Нұрсейітов. – Тұрғындардың сұрауы бойынша балабақшаларға, мектептерге жеткізетін жолдарға да асфальт төселеді. Қазіргі кезде айтулы ескертулер жоқ".

Сонымен қатар, халық қалаулылары өткен жылы жөндеуден өткен аулаларды да аралауда. Олардың саны – 134. Қалалық әкімдік балалар алаңын орнату жөніндегі 50 өтінішті қарастыруда. Оларды нақты қай жерге орналастыратындары әлі белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу