Павлодарда 180 мың теңгеге бір литр йогурт сатып алмақ болған

846

Ал Павлодардағы балабақшалардың бірі 405 млн 643 мың 500 теңгеге 2250 литр йогурт сатып алуға конкурс жариялаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Павлодарда 180 мың теңгеге бір литр йогурт сатып алмақ болған

Мемлекеттік сатып алу порталына шыққан бұл сауда-саттық, жұрттың назарын аударды.

Өйткені есептеп жіберсеңіз бір литр йогурт 180 мың 286 теңгеге түсіп тұр.

Сонымен қатар Екібастұздың қалалық ауруханасы 3 млн 900 мың теңгеге 10 ноутбукқа тапсырыс берген. Яғни бір ноутбукты 390 мың теңге бағалаған.

Ал ондай тауардың шынайы құны екі есе арзан тұрады. Бұдан өзге Жетекші ауылдық мектебі алты интерактивті тақтаның панелін сатып алу үшін 16 млн 480 мың теңге ұсынған. Мониторинг жүргізген мамандар, бір панелдің бағасы 1 млн 300 мың теңге екенін анықтады. Барлық мемлекеттік мекемелерге ескерту беріліп, лоттар порталдан алынды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу