Павлодарда 19 жастағы жігіт екі кісі өліміне күдікті ретінде ұсталды

764

Күдіктіге қатысты аталған деректер бойынша ҚК 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.

Павлодарда 19 жастағы жігіт екі кісі өліміне күдікті ретінде ұсталды

Павлодарда екі кісі өлтірді деген күдікпен 19 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Бұл туралы өңірдің ішкі істер департаментіне сілтемемен sputniknews.kz хабарлайды.

Полиция ведомствосының мәліметінше, 20 шілдеде такси жүргізушісінің мәйіті табылған.

Полиция қызметкерлері 1963 жылы туған ер адамды өлтірді деген күдікпен 19 жастағы Павлодар облысы тұрғынын ұстады. Полиция хабарлағандай, ұсталған тұлға бірнеше күн бұрын 1974 жылы туған тағы бір ер адамды өлтірді деген күдікке ілінген. Аталған деректер бойынша ҚК 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.

Құрбан болған екі азамат та таксист болып істеген екен.

Бірінші таксистің көлігін сатып алған ТҚКС да қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу