Павлодарда 2 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

168

Жазатайым оқиға әжесінің үйінде болғаны анықталды.

Павлодарда 2 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті Фото: www.gov.kz

Бала қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, бірінші дәрежелі комаға түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.      

Павлодарда 2 жасар ер бала бесінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова хабарлады. 

– Бүгін 2 жасар бала әжесінің үйінде қонақта болған уақытында 5-қабаттан құлап кеткен. Зардап шеккен жеткіншек көптеген жарақатпен, ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл жыл басынан балалардың биіктен құлауы бойынша тіркелген облыстағы алғашқы оқиға, – деп хабарлады балалар омбудсмені.

Облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі қабылдау кезінде ер баланың жағдайы ауыр, бірінші дәрежелі комаға түскенін хабарлады.

– Балада түрлі жарақат бар: жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, ми жарақаты. Сондай-ақ өкпе контузиясы, іш құрылысының жарақаты тіркелді. Қазіргі уақытта ми, мойын, кеуде қуысы, іш қуысы жамбасын қамти отырып компьютерлік томография жасалды. Баланы тексеру әлі де жалғасып жатыр, – деп мәлімдеді балалар ауруханасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу