Павлодарда 200 үй жылусыз қалды

1020

Жылу желілерінде апаттық жағдай орын алды.  

Павлодарда 200 үй жылусыз қалды

Облыс орталығында орналасқан 200 жеке үйге жылу беру тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Павлодар жылу желілері" ЖШС мәліметі бойынша, Казправда-Челябинская көшелерінің қиылысында жылу құбырларының бір бөлігі жарылды. Соның салдарынан жеке сектордағы баспаналарды жылудан ажыратуға тура келді. Мамандар ақауды жою жұмыстарына кірісті. Мәселе қала басшылығының бақылауына алынды. Жылумен қамтуға жауапты компания кешке дейін жұмысты қайта қалпына келтіруге уәде беріп отыр.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу