Павлодарда 201 отбасы баспаналы болды

962

Павлодарда 201 отбасы баспаналы болды

Петропавл қаласында 126 және 75 пәтерден тұратын екі үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ТҮҚЖ баспасөз қызметі.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен ТҮҚЖБ облыстық филиалының директоры Райхан Әбдірахманова салымшылармен кездесті.

"Жаңа баспанаға ие болып отырған тұрғындар үй алу үшін жалақысы жоғары маман болудың міндетті емес екенін дәлелдеп отыр. Баспаналы боламын деген адамға тұрақты орташа табыс пен дер кезінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашу керек. Банк жүзеге асырып отырған бірегей тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі мен мемлекеттік бағдарламалар азаматтарға қолжетімді шарттармен үй алуға мүмкіндік береді. Мысалы, үш жылдан кейін алғашқы салымға қажет минимал сома жинап, сенімді түрде пулға қатысу үшін айына 30-40 мың теңгеден жинап отыру жеткілікті", - деді филиал директоры Райхан Әбдірахманова.

Банк клиенттері әлеуметтік баспананы тұрғын үй, аралық және алдын-ала заемдарының есебінен сатып алды. "Нұрлы жол" бағдарламасының шарттарына сәйкес несие алу үшін ТҮҚЖБ шотында үй құнының кем дегенде 30%-на тең қаражат жинау керек болды.

Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде СҚО-ның 30 000 тұрғыны үй алу үшін ақша жинап жатыр. Жақын арада тағы 222 отбасы баспаналы болмақ, жыл соңына дейін бұл азаматтар үшін 3 бірдей үй пайдалануға беріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу