Павлодарда 216 адам баспаналы болды

732

Жаңа тұрғын үйлер "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған. 1 шаршы метрінің бағасы – 120 000 теңге. 

Павлодарда 216 адам баспаналы болды

Тәуелсіздік күні қарсаңында қоныс тойын атап өтіп жатқан тұрғындарды Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен ТҚЖБ басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов құттықтады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Жаңа тұрғын үйлер "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған. 1 шаршы метрінің бағасы – 120 000 теңге. Пәтерлер аумағы 40 пен 84 ш.м аралығында. Баспаналы болу үшін клиенттердің ТҚЖБ шотында үй құнының 20%-на тең бастапқы жарнаның болуы қажет. Мәселен, таза әрлеудегі бір бөлмелі және бағасы 5 миллион теңге болатын пәтерді сатып алу үшін үміткерлер шотына 1 миллион теңге қаражат салды.

Павлодар облысындағы ТҚЖБ салымшылары мемлекеттік бағдарламадан бөлек "Өз үйім" бағдарламасы бойынша баспана алады. Таза әрлеудегі үйлердің бір шаршы метрі бағасы 140 00 – 165 000 теңге аралығында. Жалпы алғанда 2019 жылдың наурыз айында екі нысан бойынша 216 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу