Павлодарда 29 жер учаскесі сатуға қойылады

1219

Павлодарда 29 жер учаскесі сатуға қойылады

Павлодарда бір ай ішінде үш жылдық мерзіммен пайдалануға және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 29 жер телімі сатылымға қойылады. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен баспасөз жиыны барысында жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ботагөз Кәрібаева айтып берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

"Біз бастапқы құны 1,8 миллион теңге, аумағы 2,4 гектар болатын 29 жер телімін сатуға шығардық, - дейді Ботагөз Кәрібаева. - Құрылыс, Павлодар - Омбы тас жолындағы жатақханаға қызмет көрсету сынды нысандарға баса назар аударамыз. Сонымен қатар, Шығыс шағын ауданындағы көпқабатты үйдің құрылысына арналған жер мен ауыл шаруышылық өнімдеріне арналған екі сауда павильонын сату көзделген. Біреуі Сәтбаев көшесі, 253 мекенжайында орналасқан және бүгінде мемлекет меншігіне қайтарылған. Екіншісі - Ленин көшесі, 7 және 7/1 мекенжайындағы мемлекет меншігіндегі орындар. Шөкин, 38 көшесінде орналасқан жер телімі спорт залдың құрылысына арналған нысанда сатылмақ. Бұдан бөлек, қаланы көріктендіру мақсатында тоғыз аялдама павильондары саудаға қойылды".

Айта кетейік, өткен жылы 67 жер телімі 27,7 миллион теңгеге сатылды. Солардың ішінде Парковая көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй, Жаңа ауылдағы ет өндіру комбинаты, Жетекші ауылындағы мал жемдейтін кешеннің құрылысы бар. Жуырда бөлім мамандары сауықтыру кешенінің құрылысына арналған Майра көшесіндегі нысанды сатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу