Павлодарда 31 жастағы ер адам көшеде жалаңаш жүрген

530

Ер адам өз әрекетінің себептерін түсіндіре алмады.

Павлодарда 31 жастағы ер адам көшеде жалаңаш жүрген Фото: gov.kz

Павлодар қаласында 31 жастағы ер адам көшеде киімсіз жалаңаш жүрген, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"5 сәуір сағат 17:30 шамасында Павлодар қаласының Лермонтов көшесінде жалаңаш, киімсіз жүрген 31 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Әрі қарай талқылау үшін ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ер адам өз әрекетінің себептерін түсіндіре алмады",- делінген хабарламада.

Осы факті бойынша ер адамға қатысты ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Материал әкімшілік шара қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу