Павлодарда 4 басқармаға жаңа басшылар тағайындалды

1219

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов аппарат жиынында мәлім етті.  

Павлодарда 4 басқармаға жаңа басшылар тағайындалды

Павлодар облысының әкімдігінде төрт бірдей басқармаға жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық Қаржы басқармасына Мақсат Тұрлыбаев тағайындалды. Ол бұған дейін төрт жылға жуық аймақтық Экономикалық және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

М.Тұрлыбаев 1987 жылы туған. 2008 жылы Қазақстан менеджмент экономика және болжау институтын "Экономика және болжау" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы Сеул Ұлттық университетінде "мемлекеттік басқару магистрі" дәрежесін алды. 2008-2014 жылдар аралығында ҚР Экономика және бюждеттік жоспарлау министрлігінде әртүрлі лауазымда қызмет етті.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып Ирина Назарчук тағайындалды. Ол осы мекеме басшысының орынбасары ретінде 7 жыл бойы қызмет атқарды. И.Назарчук 1965 жылы Железинка ауылында дүниеге келді. 1982 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумына "Қаржы" мамандығы бойынша оқуға түскен. 1990 жылы Қазақ Ұлтық университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша тәмамдады. 1993 жылдан бастап әкім орынбасары, Железин ауданының қаржы бөлімінің басшысы, Павлодар облысының қаржы департаменті басшысының орынбасары, облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы болып мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазым атқарған.

Мемлекеттік сатып алу басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарып келген Бауыржан Ниязбек аталмыш басқарманың басшысы болып тағайындалды. Павлодар қаласының тумасы, 33 жаста. 2008 жылы Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетін "қаржы" мамандығы бойынша аяқтап, 2017 жылы Гуманитарлық-техникалық академиясының магистратурасын "экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің сарапшысы ретінде бастаған. 2018 жылға дейін бас сарапшы, қаржы бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарған. Кейін ол Ақтөбе қаласы әкімінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы болды, сонымен бірге ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.

Бұдан бөлек, Владимир Платов Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды. С. Торайғыров атындағыПавлодар мемлекеттік университетін "Стандарттау және сертификаттау" мамандығы бойынша, сонымен қатар Томск басқару жүйелері және радиоэлектроника университетін "экономика және кәсіпорынды басқару" мамандығы бойынша аяқтаған. Банк жүйесінде және жеке секторда жұмыс істеп, түрлі басшылық қызметтерде боған. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу