Павлодарлық полиция алимент, несие және айыппұлды төлемеген жүргізушілерді анықтап жатыр.
"Маршрут барысында Атамекен кентінде "Кибер Шериф" кешені іске қосылды. Полиция қызметкерлері ВАЗ-21140 маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында 36 жастағы жүргізушінің айыппұл және несие бойынша 4 миллион 249 мың теңге көлемінде берешегі бары анықталды", – дейді қалалық патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Жандос Мейрамғазы.
Құқық бұзушының көлігі қарыз толық өтелгенге дейін арнайы тұраққа қойылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу