Павлодарда 4 үй өртенді

2800

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған. 

Павлодарда 4 үй өртенді

Кеше, жексенбі күні облыс орталығындағы саяжай аумағында төрт үй отқа оранды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Облыстық ТЖД басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Сосновая көшесі, 158 мекенжайы бойынша "Энтузиаст" бағбаншылығында сағат 15.20-да өрт шыққаны тіркеліп, сағат 17.45-те сөндірілген.

"Кірпіш үйдің алты шаршы метр аумағында ағаш құрылымдар мен төбесі жанған. Қазіргі таңда үйдің иесі анықталуда. Сондай-ақ, Сосновая көшесі, 160 мекенжайы бойынша 15 шаршы метр аумақта ағаш үй толығымен жанып кеткен және ағаш қоршауларды өрт шалған", –  деді департаментте.

Бұдан басқа, Виноградная көшесі, 123 мекенжайы бойынша саяжай учаскесінде үйдің 12 шаршы метр аумағында ағаш құрылымдар жанып, төбесінің бір бөлігі опырылып түскен. Виноградная көшесі, 125 мекенжайы бойынша тілсіз жау 15 шаршы метр ағаш үйді толығымен жалмап өткен. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Қызыл жалынды ауыздықтауға № 2 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан және бөлімшесінен жеті адам мен үш автоцистерна жұмылдырылды.

8 сәуірге қараған түні сағат 01.20-да кезекшілік бөліміне Екібастұз қаласында Карагандинская көшесі, 21 мекенжайы бойынша шлактан құйылған үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Иесіз тұрған үш бөлмелі үйдің 70 шаршы метр аумағында ағаш құрылымдар мен қоршаулар жанған. Үй иесі анықталуда.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған. 

Оқиға орнында № 32 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан жұмыс істеген төрт адам мен бір автоцистерна өртті сағат 3.52-де сөндірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу