Павлодарда 4 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті

461

Бала алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Павлодарда 4 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті Фото: inbusiness.kz

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 10 тамызда сағат 22:35-те Ак.Шөкин көшесіндегі үйде 2019 жылы туған қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.

"Бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Аталған факті тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", делінген ПД хабарламасында. 

Полицейлер терезелерді ашық қалдырмауға, металл торлар орнатуға, баланы тіпті қысқа мерзімге де қараусыз қалдырмауға кеңес береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу