Павлодарда 46 мың әйелдің әлеуметтік статусы жоқ

917

Павлодарда 46 мың әйелдің әлеуметтік статусы жоқ

Павлодарда 46 мың үй шаруасындағы әйелдің немен айналысатыны белгісіз. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі жетекшісінің орынбасары Лариса Кузьменкова мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

"Сәуір айынан бастап  облыс орталығында жұмыссыз жүрген тұрғындардың мәртебесін өзектендіру  жұмысы жүріп жатыр, - деді Лариса Кузьменкова. – Әрине, олардың басым бөлігі - нәзік жандылар. Үйде отырған ер азаматтар сирек кездеседі. Бізде бар мәліметке сүйенсек, қалада 46 мың адам жұмыссызсыздар қатарында тіркелмеген. Олардың немен айналысып жатқаны белгісіз. Себебі, мұндай жандардың атынан әлеуметтік төлемдер аударылмайды. Болашақта осы адамдар зейнетақыны аз мөлшерде алып, медициналық сақтандырудан да шетте қалатынын ескере кету керек. Сондықтан   барлықтарыңызды орталыққа жұмыссыз жүргендеріңізді айтып, тіркелуіңізді өтінеміз. Кейін оларға жұмыс тауып беруге немесе мамандық алу үшін оқуға жіберуге мүмкіндік бар".

Оның айтуынша, осы уақыт аралығында 6-7 адамнан құрылған 25 топ қала пәтерлерін аралап жүр. Бүгінгі күні 30 мың адамның 2700-сі нақты үй шаруасымен айналып жүргенін айтты. 7 мың адам үйінде болмаса, 3 мыңға жуығы көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайтыны анықталды.

Айта кету керек, шара барысында орталыққа үй шаруасында жүрген 700 әйел келіп тіркелген. Бұдан басқа, 300 отбасы атаулы көмек көрсетілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу