Павлодарда 49 шаруашылықтың несиесі ұзартылды

339

Биылғы жаз Павлодар облысының шаруалары үшін оңайға соқпады. Қуаңшылық салдарынан дихандардың егіні күйіп кетті.

Павлодарда 49 шаруашылықтың несиесі ұзартылды Фото: Inbusiness.kz

Олар алған кредиттерін төлей алмайтын жағдайға жетті. Осы сәтте "Бәйтерек" Ұлттық Басқарушы Холдингінің еншілес компаниясы "Аграрлық несие корпорациясы" фермерлерге қолдау көрсетіп, қарыздарын қайта құрылымдау және төлем мерзімін ұзарту тетігін қолданды. Кереку өңірінде елудей шаруаның несиесі ұзартылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Павлодар өңірінде 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан "Бірлік" агрохолдингі облыс орталығынан 200 шақырым қашықта орналасқан. Нәсіп болған кәсіптің негізгі бағыты - өсімдік шаруашылығы. Бидай мен арпа салып, астық және тұқым сатады. Жолтаптық ауылында 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылда көктемде жергілікті несие серіктестігі арқылы кредит алып, кейін күзде егінді жинаған соң қайтарып жүрді. Биыл да 12 млн теңге алған. Жаздағы құрғақшылық салдарынан еккен егіні 90 пайызға дейін күйіп кеткен.

"80-90 пайыз күйіп кетті деуге болады. Енді алған біраз жинаған мүмкіндігім келесі жылға тұқымға жарай ма, жарамай ма?, деп отырмын. Оны қазірше тексерген жоқпыз. Тексереміз көп емес аз шамасында жинағаным бар. Мүмкіндігімше қалғаны бәрі күйіп кетті деуге болады. Күйіпте кетті мына жауынның астында жинай алмай қалғандар да бар", -дейді "Birlik-Агрохолдинг" ЖШС-нің директоры Сержан Байғалин.

Павлодар өңірінде Сержан секілді қуаңшылық құрбаны болған дихандардың саны 49. Олар "Кең дала" бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2 млрд 100 млн теңге несие алғандар. Фермерлер аймақта техногенді төтенше жағдай жариялауды сұрап облыс әкімдігіне өтініш түсірген. Өйткені, ТЖ жарияланбаса несие мерзімі ұзартылмайды. Алайда, облыста ТЖ жарияланбады. Соған қарамастан "Аграрлық несие корпорациясы" керекуліктердің кредит төлеу мерзімін бір жылға ұзартып, қолдау көрсетті.

"Біріншіден, жаңағы заемщиктар біздің серіктестеріміз болады ғой. Біздің серіктестеріміз жағдайы жақсы болса біздің де жағдайымыз жақсы. Олар несие алғанда кепіл берді ғой. Кепілдерін сатып кредит жапқан ол дұрыс емес. Бұрынғы 5 пайызбен берілген несиелері 5 пайыз болып қалды. Біз оларға өсірген жоқпыз", - дейді "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ПОФ директоры Ардақ Таңжарық.

Бұдан өзге, "Аграрлық несие корпорациясы" Павлодар облысында "Агробизнес" бағдарламасымен несие алған шаруаларға да көмек көрсетті. 138 шаруаның 1 млрд 100 млн теңге кредиті қайта құрылымдалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу