Павлодарда 53 млн теңгеге салынған мұз қалашық еріп кетті

388

Халық қарсы болған.

Павлодарда 53 млн теңгеге салынған мұз қалашық еріп кетті Фото: ulus.media

Павлодарда 53 млн теңге жұмсап салып жатқан мұз қалашық еріп кетті. Осылайша бюджет қаражаты су болып ағуда. Бүгін Керекуде ауа температурасы +3 градусқа дейін жылынып, сай саланы су басты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Өткенде ғана қала әкімі 53 млн теңгеге мұз қалашық саламыз дегенде кейбір жұрт қаңтар айында ауа температурсы күрт жылынатынын айтып, қарсы болған. Алайда, шаһар билігі алған бетінен қайтпады. Арада апта өтпей жатып миллиондаған ақша суға айналды.

Күн қайтадан суытқан соң мердігер компания қалашық пен түрлі мұз бейнелерді қалпына келтіреді, дейді Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"53 миллион теңге далаға еріп кетіп жатыр ғой. Неге оны алдын ала ойламаған. Қаншама ақша. Мысалы бәрі еріп жатыр. Беталды 53 миллион теңге кетіп қалды", - дейді қала тұрғыны.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу