Павлодарда 670 тұрғын үй 5 күнге ыстық судан ажыратылады

678

Павлодарда 670 тұрғын үй 5 күнге ыстық судан ажыратылады

Павлодарда 14-18 мамыр аралығында 670 тұрғын үй бес күнге ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ қоғаммен жұмыс істеу бөлімінің жетекшісі Олеся Емельянова мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Павлодар жылу құбырлары"  серіктестігі  жөндеу алдында "Қазақстан Алюминий" АҚ ЖЭО-нан жіберілетін жылу желілерінде гидравликалық сынақ өткізетіндіктен, тұрғын үйлерге ыстық су жіберу бес күнге тоқтайды, - деді бөлім жетекшісі. – Бұл қаланың оңтүстігінде 29 Қараша – Естай – Абай – Кривенко – Суворов – Камзин көшелері, сондай-ақ, Восточный, Дачный, Усолка шағын аудандары және Зеленстройға қатысты".  

Жылу берушілер қала тұрғындарынан бұл күндері жылу желілері өтетін аумақта сақтық танытуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу