Павлодарда Трансортная көшесі, 11 мекенжайы бойынша өндіріс базасы аймағында КамАЗ толығымен жанып кетті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі өрт сағат 22.25-те тіркелгенін айтты.
"1991 жылы шығарылған тіркемесі бар жүк көлігінде 700 литр жанар-жағармай болған. Жалын жалпы аумағы 50 шаршы метрді шарпыған", – деді ТЖ департаментінде.
Сонымен қатар, оқиға орнынан сыйымдылығы 40 тонна жанар-жағармайға арналған екі бос цистерна шығарылған. Жеке құрамнан 14 адам 3 техниканың көмегімен тілсіз жауды сағат 23.15-те ауыздықтап, сағат 23.23-те толық сөндірілді.
Алдын ала мәлімет бойынша өрт электр жабдығының қысқа тұйықталуы салдарынан болған.