Павлодарда 9 жастағы бала үшінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды

157

Павлодарда ерекше қажеттіліктері бар 9 жастағы бала тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодарда 9 жастағы бала үшінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды Фото: Астана әкімдігі

Бұл туралы Павлодар облысы бойынша балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенева мәлімдеді.

Оқиға 19 шілде күні сағат 21:55 шамасында болған. 2016 жылы туған жеткіншек жалпыға ортақ балконнан құлап кеткен. Нәтижесінде, оның денесінің бірнеше жері сынған, ауыр жарақат алған.

Қазір бала Павлодар облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.

Уәкілдің айтуынша, биылғы жылы өңірде балалардың терезеден құлау деректері көбейген. Тек осы күнге дейін Павлодар облысында 10 бала биіктен құлаған.

– Қазіргі таңда аурухананың травматология бөлімінде 2016 және 2023 жылы туған екі бала емделіп жатыр. Екеуінің де жағдайы ауыр, бірақ бақылауда, – деді Сәуле Шакенева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу