Павлодарда 93 тұрғын үй ыстық сусыз отыр

770

"ПавлодарЭнерго" АҚ ұсынған мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта осы ауданға қарасты 13 тұрғын үйде ыстық  су сөндірілген.

Павлодарда 93 тұрғын үй ыстық сусыз отыр

Павлодарда бүгінгі күні 93 тұрғын үй ыстық судан ажыратылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ТҮКШ бөлімі коммуналдық сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы Арман Қайроллиннің айтуынша, Торайғыров және 1 Мамыр көшелерінің қиылысында жылу құбыры жүйесі зақымданған.

"Бұл жерде жоспардан тыс күрделі жөндеу өткізіледі. Диаметрі 500 милиметр, ұзындығы 50 метр екі құбыр ауыстырылатын болады. Бұл аумақтағы үйлерге ыстық су 4 тамызға дейін берілуге тиіс", - деді Арман Қайроллин.

"ПавлодарЭнерго" АҚ ұсынған мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта осы ауданға қарасты 13 тұрғын үйде ыстық  су сөндірілген.

"Бұдан басқа, 1 Мамыр  және Қайырбаев көшелерінің қиылысында су құбырларының күрделі жөндеу жұмыстары өтіп жатыр, - деді Арман Қайруллин. – Бұл жердегі құбырдың тозығы жеткен. Жоспар бойынша Сәтбаев көшесінен 1 Мамыр көшесіне дейін Қайырбаев бойымен учаскеге толықтай жаңа құбырлар орнатылуда. Жөндеу жұмысы тамыз айының соңына дейін жалғасады".

"ПавлодарЭнерго" АҚ агенттіктің жолдаған ресми сауалына  ұсынған жауабында Павлодар қаласында 1208 тұрғын үйдің барлығы ыстық су жүйесіне қосылғаны жөнінде  мәлімдеген.

"Бүгінгі күні 1115 үйде ыстық су бар, ал 93 үйде түрлі себептермен ыстық су беру тоқтатылған. Соның ішінде 22 үйде құбырлардың зақымдануы, 22 үйде жылу құбырларының жаңартылу себеп болған. Сондай-ақ,  күрделі жөндеуден өтіп жатқан 33 үй  мен ПИК жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан 16 үйде ыстық су жоқ", - деп жазылған хаттың жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу