Бұл туралы зардап шеккен әйел Instagram желісінде мәлімдеді.
- Мені зорлағаннан кейін ол аузымды басып, тұншықтырып, өлтіретінін айтты. Мені ешкім таба алмайтынын айтып қорқытты. Ол адам әліге бостандықта. Мені ауруханаға ес-түссіз, ауыр жағдайда алып келді. Мен өзім үшін және кәмелет жасына толмаған екі қызымның өмірі үшін қорқамын, - деді әйел.
Аталған оқиғаға қатысты Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр түсініктеме берді.
- Күш қолданумен зорлау фактісі бойынша күдікті ұсталып, Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды, - деді Василий Скляр.
Айта кетелік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық - процестік кодексінің 201- бабына сәйкес тергеу мүддесінде басқа ақпарат жария етілмейді.