Павлодарда ақсақалдар бата беруден сынға түсті

507

Мәшһүр Жүсіп мешітінде облыс ақсақалдары арасында "Елдің тілеуін тілейік!" тақырыбында бата жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.  

Павлодарда ақсақалдар бата беруден сынға түсті Фото: mazgab.kz

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, жарысқа қала, аудан мешіттері арқылы іріктелген 13 ақсақал сынға түсті. Қатысушыларды арнайы бекітілген қазылар алқасы сараптады.

"Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Мәшһүр Жүсіп мешіті атынан қатысқан Балтабай Сыздықов, екінші орынды Қасым қажы мешіті атынан қатысқан Қуат Баязитов, үшінші орынды Қайрат Құджанов иеленді. Жарысқа қатысушылар мен жүлдегерлерге сый-сияпаттар берілді", - дейді баспасөз қызметі.

Бірінші орынды иеленген Балтабай  Сыздықов республикалық бата жарысына қатысатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу