Павлодарда аламан бәйге өтеді

1097

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушілердің қолдауы арқылы автокөліктер және қаржылай сыйлықтар табыс ету қарастырылған.

Павлодарда аламан бәйге өтеді

Павлодарда 2018 жылы 11 тамызда "Құлагер" ипподромында сағат 11.00-де Құрылысшылар күніне арналған ұлттық ат спорты түрлерінен бес қашықтық бойынша жарыстар өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жарыс түрлері: аламан бәйге, тоқ бәйге, құнан бәйге, жорға жарысы және көкпар.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушілердің қолдауы арқылы автокөліктер және қаржылай сыйлықтар табыс ету қарастырылған.

Бұл күні жергілікті бишілер мен музыкалық ұжымдар өнер көрсетеді. Ал көкпарға 50-ден астам спортшы қатысады. 

Ұйымдастырушы - облыстық ұлттық ат түрлері бойынша спорт федерациясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу