Павлодарда Алаш Орда қайраткерлерінің муралы пайда болды

1195

Тұрғындарға Тәуелсіздіктің 30 жылдығына осындай тарту жасалды.

Павлодарда Алаш Орда қайраткерлерінің муралы пайда болды Фото: pavon.kz

Павлодар педагогикалық университетінің қабырғасына Алаш Орда қозғалысы белсенділерінің суреті салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алдымен белгілі қоғам қайраткерлері мен Ертіс өңірінің мәдениет өкілдерінен құрылған арнайы комиссия эскиз жобасын таңдады.

Аэрография студиясы жоғары оқу орны жатақханасының қабырғасына салынған шаңырақтың астында Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыровтардың бейнесі суреттелген. Сұлтанмахмұттың "Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз" деген жігерлі сөзі де жастарға рух берері анық.

Павлодар педагогикалық университетінің деканы Анар Кәрімованың айтуынша, арт-нысанның өңір руханияты, жастар тәрбиесі үшін орны зор болмақ.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу