Павлодарда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы тұрақтандырылуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мәлім етті.
"Әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарының бағасын тұрақтандыру мәселесі басқармамыздың тұрақты бақылауында",– деді ведомствода.
Бағаны тұрақтандыру аясында басқарма Павлодар қаласының әкімдігімен бірлесіп, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен, көтерме жеткізушілермен 20 меморандум жасады. Қала мен аудан әкімдіктері 2019 жылға облыстың 99 әлеуметтік дүкенімен "Әлеуметтік дүкендердің" жұмыс етуін қамтамасыз ету жөніндегі меморандумдар жасасты. Тұрақтандыру қорынан төмен бағамен өнім босатылуда. Апта сайынғы негізде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.